Түркістанның іргесіндегі 13 мыңдай тұрғыны бар Шорнақ ауылында бұған дейін шағын емхана бар, ал аурухана жоқ еді. Басы ауырып, балтыры сыздағандар Кентау немесе Түркістанға сабылатын. Вирус өршіп, ауру-сырқау көбейгенде, оңтайлы шешім қабылданды. Емханаға жапсарлас ғимарат жөнделіп, күндізгі стационар бөлімі кеңейтілді. Осылайша бір мезгілде 35 адам жатып, ем қабылдауға жағдай жасалды.
Гүлжазира Қалиқызы