Ақтауға еліміздің қарулы күштерінің әскери дәрігерлері көмекке барды. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысынан 10 маман, Ақтаудағы 25/744 әскери бөлімінен 2 дәрігер бар. Олар облыстық провизорлық орталықтағы әріптестеріне жәрдемдесуде. Сонымен қатар, өңірге Ақтөбе медицина университетінің 10 түлегі көмекке жетті.