Ауырсаңыз тек емханаға барыңыз. Атырауда дәстүрлі емес медицина арқылы індетті емдеумен айналысқан тұрғын ұсталды. Ол қаладағы ғимараттардың бірін стационар типінде жабдықтап, коронавирус жұқтырған тұрғындарға ем-дом жасаған. Тексеру барысында оның арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды.