БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайты іске қосылды

16.07.2020
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайты іске қосылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайтын іске қосты. 

Аталмыш сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату екендігін жариялайды.

Интернет-ресурста «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, шындыққа сәйкес келмейтідігін айтып шағымдана алады.

Жалпы, бұл сайт қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге бағытталған.


Хабарламаларға жазылу