Қазақстанға қай елдер гуманитарлық көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға қай елдер гуманитарлық көмек көрсетті

15.07.2020
Қазақстанға қай елдер гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстанға әлемнің 15-тен астам елі коронавируспен күрес үшін гуманитарлық жүк жіберді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты.

«Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, індет тараған кезден бастап сыртқы халықаралық әріптестерімізден тиісті қайырымдылық көмекті елге жеткізу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жұмыс өте ауқымды. Әрине, осы орайда ең алдымен ҚХР, АҚШ, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан және көптеген басқа да елдерге, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымдарға, компанияларға, шетелдік қайырымдылық қорларына, жекелеген азаматтарға елімізге жасаған қайырымдылық көмектері үшін шынайы ризашылығымызды жеткізгім келеді», - деді Ержан Ашықбаев.

Оның дерегінше, елімізге гуманитарлық жүк ретінде 5 млн 200 мыңға жуық медициналық маска, 98 өкпені жасанды желдету аппараты, 260 мың тест жүйесі, 3000 мыңға жуық тепловизор мен термометр әкелінді.

Хабарламаларға жазылу