Түркістанға Өзбекстаннан 142 мың қорап дәрі келді. Оның ішінде «Аскорбин қышқылы ерітіндісінің» 1 жарым млн құтысы, соңғы кезде табылмай кеткен «Дексаметазонның» 100 мың данасы, 30 мың ампула «Аспарин» бар. Препараттардың бұл партиясына 100 млн теңге кеткен. Алдағы күндері көрші елден ғана емес, Түркиядан да екі айға жететін дәрі келеді.