Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда 35 баладан коронавирус анықталды

Шығыс Қазақстанда 35 баладан коронавирус анықталды

Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінен коронавирус анықталды. 35 бала мен 22 қызметкер қауіпті індетке шалдыққан. Бұл мекемеде психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған 100-ден астам жеткіншек бар. Олардың екеуі коронавирус жұқтырғаны маусым айының соңында белгілі болып, дереу аудандық ауруханаға жатқызылған. 


Бөлісу