Президент Үкіметке елдегі ахуалды жақсартуға екі апта уақыт берді

10.07.2020
Президент Үкіметке елдегі ахуалды жақсартуға екі апта уақыт берді

Президент Үкіметке елдегі ахуалды жақсартуға екі апта уақыт берді

«Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пандемиямен күресте жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындайтынын айтты.

«Үкіметтен 5 күннің ішінде пандемиямен және оның салдарымен күрес бөлігінде жедел шешімдер қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындауды сұраймын. Мұндай сипаттағы шешімдер бір, ары кеткенде екі тәулік мерзімнің ішінде қабылданып, жүзеге асырылуы тиіс»,- деді ҚР Президенті.

Хабарламаларға жазылу