Мемлекет басшысы коронавируспен күрестегі Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы коронавируспен күрестегі Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын сынға алды

10.07.2020
Мемлекет басшысы коронавируспен күрестегі Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрестегі Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын сынға алды.

«Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды.

Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.


Хабарламаларға жазылу