Елдегі эпидахуалға байланысты бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Онда Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше қаралды. Облыс әкімдігіне өңірдегі ахуалды жақсарту, қосымша шектеу шараларын қолдану жұмыстары тапсырылды.