Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады - Қ.Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады - Қ.Тоқаев

08.07.2020
Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады - Қ.Тоқаев

Таяу күндері халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады. Мемлекет басшысы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеуінде осылай деді. 

«Үкімет пен әкімдер халықты барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін шұғыл жұмыс жүргізіп жатыр. Ауруханалар үшін 30 мыңға жуық науқасқа арналған дәрі-дәрмек қоры сатып алынды. Бөлшек сауда желісіне қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілуде: 800 мың қаптама парацетамол, аптаның соңына дейін тағы 900 мың қаптама жеткізіледі. Дәріханалар желісіне 150 мың қаптама антибиотиктер жіберілді. Санаулы күндердің ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешімін табады», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу