Коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түріне шалдыққандар үйде емделу кезінде қандай қателіктерге жол бермеу керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түріне шалдыққандар үйде емделу кезінде қандай қателіктерге жол бермеу керек?

08.07.2020
Коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түріне шалдыққандар үйде емделу кезінде қандай қателіктерге жол бермеу керек?

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирустың симптомсыз және жеңіл түріне шалдыққан науқастардың үйде емделу жолдарын түсіндірді.

«Үйде емделіп жатқан науқастарға вирусқа қарсы, бактерияға қарсы, тромбозға қарсы дәрімен емделудің қажеті жоқ. Олар көп сұйықтық пен С және D дәрумендерін ішуі тиіс. Алайда С дәруменін көп мөлшерде қолдану бүйрек ауруының күшеюіне алып келетінін ұмытпау керек. Дене қызуы көтерілген жағдайда температураны түсіретін парацетамол және ибупрофен секілді дәрі ішуі қажет.

Егер бұлшықеттің ауруы, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, кеуде тұсы ауырып, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, дәрігерге қаралып, пневмонияның асқынуын болдырмау керек. Ол үшін көкірек қуысына рентгенологиялық зерттеу немесе компьютерлік томография жүргізіледі.

Қазір үйде емделіп жатқан науқастардың антибиотиктің көптеген түрін қолданып жатқанын көріп отырмыз. Бұл олардың жақсаруының орнына, асқындырып жіберуі мүмкін. Антибиотиктер иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін ішек микрофлорасының қалыпты дамуын төмендетеді. Соған сәйкес, науқастың жағдайы нашарлай түседі», - деді дәрігер.

Хабарламаларға жазылу