Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді

08.07.2020
Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтардың жалғасында 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен Қазақстан тарапы үшін гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

РФ гуманитарлық көмегіне медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар кіреді. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы «СҚ-Фармация» ЖШС болып табылады. Жақын арада Ресейден гуманитарлық жүкпен бірнеше рейстер күтілуде.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен бауырлас халқына алғысын білдіреді.

Хабарламаларға жазылу