Арал ауданы жолдарының сапасы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал ауданы жолдарының сапасы сын көтермейді

01.07.2020

 Бекарыстан би - Жаңақұрылыс трассасының 9 шақырымына төселген асфальттан 27 сынама алынып, барлығынан өрескел кемшіліктер анықталған.

Мәселен, салынған жолдың қалыңдығы жоба бойынша 6 сантиметр болуы тиіс. Бірақ, тексеру небәрі 3-4 сантиметр екенін көрсетті. Оған қоса, асфальт құрамының сапасы да өте төмен болып шықты. Мамандар мамыр айында жол құрылысында анықталған олқылықтарды түзетуді мердігерге міндеттеген болатын. Бірақ, содан бері біраз уақыт өтсе де ешқандай кемшілік нормаға сәйкес түзетілмеген.

Екі ауыл арасындағы жолдың жөнделуіне мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлінді. Ал тоғыз шақырым жолды қалай болса солай, сапасыз салған мердігерге тағы да қатаң ескерту берілді. Алдағы уақытта оларға жаңа асфальт төсеуіне тура келеді.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу