Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты

01.07.2020

Денсаулық сақтау министрлігі енді коронавирус жұқтырғандарды есепке алғанда оны екіге бөлмейді. Яғни симптомы бар және ауру белгілері жоқ науқастардың жалпы саны жарияланады. Сонымен, министрліктің мәліметінше, бір тәулік ішінде елімізде 1604 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Сондай-ақ ресми орган кешелі бері елімізде бұл дерттен қайтыс болғандарды тіркемеген. «Коронавирус 2020.кз» сайтында індеттің құрбандары 188 деп көрсетілген. Жалпы COVID-19-ды жұқтырғандар саны 41 мыңнан асып кеткен. Олардың 13 жарым мыңнан көбі дерттен айығып шықты.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу