Атырауда құс өсіру шаруашылығы жүйелі жолға қойылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда құс өсіру шаруашылығы жүйелі жолға қойылған

03.04.2019

Атырауда агроөнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Жалпы, ауыл шаруашылық бағыты бойынша өткен жылғы өнім көлемі 67 млрд теңгеден асып, 105 пайызды құрады. Соның ішінде құс өсіру шаруашылығы жүйелі жолға қойылған. Аймақта екі ірі құс фабрикасы бар.

Бұл фабрикада 310 мыңнан астам тауық бар. Олардан күніне 230 мың, ал, тоқсанына 25 млн жұмыртқа алынады.  Өгнім еуростандартқа сай. Жылына 100 млн жұмыртқа шығаруға қауқарлы зауыт заманауи құрылғылармен жарақталған. 

Фариза Ғазизова, құс фабрикасының  бас ветеринар маманы:

Біздің құстар сапалы жемдермен қоректендірілуде. Қостанайдан, Ресейден жем алып келеміз. Олар өте балғын және құнарлылығы өте жоғары. Сонымен қатар біз біркүндік балапандарды Ресейдің Екатеренбург қаласынан алдыртамыз.

Құнарлы жемнің арқасында халыққа жоғары сапалы өнім ұсынылуда. Фабрика  жұмыртқасы еліміздің батыс өңірлерімен қатар, Ресейдің Самара, Астрахань қаласына экспортталады. Зауыт ендігі кезекте құстың қиын кәдеге жаратпақ. Ол үшін алма бағын өсіруде.

Жандос Темірғали, тілші:

Мынау фабрикадан шығып жатқан кәдімгі құстың көңі. Мұны шаруалар қазіргі уақытта мына алма бағына тыңайтқыш ретінде пайдалануда. Бұл өз кезегінде теректердің жайқалып өсуіне, сондай-ақ жердің құнарлы болуына септігін тигізеді.

6000 түп ағашқа нәр берген тауықтың қиы теңдессіз органикалық тыңайтқыш. 6 гектар аумақты алып жатқан  алма бағы алғашқы жемісін биыл бермек. Өңір топырағына алғаш рет егілген теректер Беларусиядан жеткізіліпті. 

Тимур Мусин, ғылыми зерттеу институтының қызметкері:

Жырту арқылы топыраққа араластырып, тыңайтқыш ретінде беріп отырмыз. Биыл ғана оның нәтижесін көреміз. Ол бізге қандай береді. Бірақ одан біздің терегіміз өліп қалып жатқан жоқ.

Құс фабрикасының басты мақсаты – ішкі рынокты түбегейлі  отандық өніммен жаулау. Бұл межені бағындыру үшін, зауыт жылына 110 млн. дана жұмыртқаға алмақ. Алдағы уақытта қазақстандық тауар белгісімен, Иран, Ауғанстанға жөнелтуді көздеп отыр.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу