Коронавирус: Британияның бір қаласы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус: Британияның бір қаласы жабылды

01.07.2020
Коронавирус: Британияның бір қаласы жабылды

329 мың тұрғыны бар Лестер қаласы аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты карантинге жабылды. Қалаға кіруге және шығуға рұқсат жоқ. Қаладағы барлық дүкендер қайта жабылуда. Ірі кәсіпорындар 4 шілдеде елдегі басқа да бизнес салаларымен өз қызметіне оралмайды.

Лестерде аптасына 100 мың адамға шаққанда орта есеппен 135 науқас тіркеліп отыр. Қалада Британиядағы коронавирус жұқтырғандардың 10%-ы анықталуда.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкоктың айтуынша, Лестерде COVID-19 вирусын жұқтырғандар арасында балалардың саны көп. Ауруханаларға күн сайын онға жуық адам түсуде. Елдің басқа аймақтарында мұндай жоғары көрсеткіш байқалмайды.

BBC


Хабарламаларға жазылу