Ресейден Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жеткізілмек

30.06.2020

Қазақстанға дәрі-дәрмек пен тест жүйелері және медициналық құралдар көршілес Рсейден көмек ретінде жеткізілетін болды. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин ресейлік әріптесі Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлім болды. Ресей үкіметі гуманитарлық көмектен бөлек, жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханалар ашу бойынша өз мамандардын жіберуге әзір. Екеуара әңгіме барысында «Цифрлық білім» жобасын дамыту, сауда-экономикалық және көлік салаларындағы ынтымақты нығайту мәселелері талқыланды.

Айбек ҚОБДАБАЙ


Хабарламаларға жазылу