Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды - Мемлекет басшысы

29.06.2020
Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы коронавируспен күресте ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратынын айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

«Дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қабылдауға көп нәрсе байланысты. Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді. Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу