Еліміздегі кәсіпорындардың коммуналдық қарызы 13 миллиард теңгеге жеткен

28.06.2020

Әнебір фильмдегі «Бітті, кина болмайды, электр жарығы сөнді» деген сөз еске түседі - тұрғындар мен заңды тқлғалар, кәсіпорындардың коммуналдық қарызы 13 млрд теңгеге жеткен. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұловтың айтуынша, былтырғы осы кездегі уақытпен салыстырғанда 780 млн теңгеге көп. Ал ең көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Маңғыстау облысының үлесінде. Ал Энергетика министрі Н.Ноғаевтың мәліметінше, ірі кәсіпорындарға отын бойынша кредиторлық қарыз өскен.

Экономикалық дағдарыстың бір көрінісі осы. Табысынан айырылған адамдар, кірісі тоқтаған кәсіпорындар қарызға бата бастады. Өткенде әкімдіктер коммуналдық төлемдер үшін жағдайы нашар түтіндерге 15 мың теңгеден бөле бастаған. Эффектісі айтарлықтай болмай тұр ғой.

Ақерке БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу