«Төңкеріс» ауылы әлі күнге әлеуметтік мұқтаждықтардан құтыла алмай келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Төңкеріс» ауылы әлі күнге әлеуметтік мұқтаждықтардан құтыла алмай келеді

26.06.2020

Қазақ-өзбек шекарасының шебіндегі «Төңкеріс» ауылы әлі күнге әлеуметтік мұқтаждықтардан құтыла алмай келеді. Елді мекенде электр желілері әбден тозған. Интернет нашар. Қашықтан білім алу деген оқушылар үшін жәй сөз болып тұр. Өркениет игілігінен жұрдай ауылда мәдениет ошағы атымен жоқ. Көшелер ой-шұқырлы. Ал фельдшерлік акушерлік пункт жекенің иелегіндегі ғимаратты жалдап жұмыс істеуде.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу