«Қазақстан» РТРК АҚ ұжымының қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК АҚ ұжымының қызметкерлері марапатталды

26.06.2020

Бүгін БАҚ қызметкерлері күніне орай «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымының қызметкерлері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет Грамотасымен және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, сонымен қатар мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мен Корпорацияның дамуына қосқан шығармашылық үлесі үшін Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың Алғыс хатымен марапатталды.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленгендер қатарында «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Сәуле Жиреншина, Бас продюсер Жаңыл Асылбекова, «Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы Гүлсанат Артықбаева, продюсер-редактор Гауһар Төлекбай, Анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкенова, Қазақ радиосының аға редакторы Жанат Жанұзақов, тілшілер қосынының телеоператоры Өнербек Жаңабаев бар.

Сондай-ақ бүгін «Núr Otan» партиясының БАҚ қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға қатысқан ақпарат саласының мамандары 9 аталым бойынша марапатталды. Соның үшеуін «Қазақстан» корпорациясының қызметкерлері жеңіп алды. «Телевизия үздігі» аталымы бойынша Ұлттық арнаның журналисі Саламат Омаш, «Блогосфера үздігі» аталымы бойынша Айдос Жұқанұлы, «Партияның қайта жандануы» номинациясы бойынша «Atyraý» телеарнасының журналисі Нұрислам Ғұмар марапатталды. Жүлдегерлерді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек құттықтады.












Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!

Хабарламаларға жазылу