Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

25.06.2020

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Жаңа министрді ұжымға Үкімет басшысы Асқар Мамин таныстырды. Премьер-Министр, сондай-ақ, дәл қазір пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті. Алексей Владимирұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Медицина саласында тәжірибесі мол азамат.Түрлі лауазымдық қызметтерде болған. 2019 жылдан бастап Қазақстан Президенті Іс басқармасының медициналық орталығын басқарды.

Сондай ақ бүгін Президент Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Елжан Амантайұлы бұл лауазымға 2017 жылы тағайындалған. Содан бері өзіне міндеттелген қызметті абыроймен атқарды.

Қазір Елжан Біртанов ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Орта дәрежедегі өкпе қабынуы диагнозы қойылған.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу