Бүгін - Қазақстан полициясы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан полициясы күні

23.06.2020

Бүгін - еліміздің тыныштығын күзеткен тәртіп сақшыларының төл мерекесі. Бейбіт күнде басын қатерге тігіп, адал қызмет атқарып жүрген жандарға тағы бір алғыс айтып, ақ тілекті ақтаратын күн. Әсіресе, әлемді шарпыған індет кезінде күні-түні кезекшілік атқарып, елдің амандығы, саулығы жолында адал еңбек етіп жүрген ер-азаматтар жетерлік.  

Қызметіне жауапты, антына адал жандар осындай сын сағатта танылады. Төтенше жағдай кезіндегі тәртіп сақшыларының қалтқысыз қызметі олардың өз кәсібіне адалдығын тағы бір дәлелдей түсті.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу