Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты

23.06.2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты

Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталмай тұр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 9 100 994 адамға жетті. Оның ішінде 472 216 науқас індеттен көз жұмды. Дәл қазір вирус жұқтырып ем алып жатқандар саны 3 млн-нан асса, соның ішінде 58 мың адам ауыр хәлде жатыр.

ДДСҰ хабарлауынша, өткен тәулікте вирус жұқтырудың жаңа дерегі бойынша рекорд орын алып, әлем бойынша 183 мың адамнан вирус табылған. Қауіпті індеттің негізігі ошақтары ретінде Бразилия, Үндістан және Пәкістан елдері аталып отыр.

Әлемдік сарапшыларды Бразилиядағы ахуал алаңдатуда. Себебі ел президенті Жаир Болсонару пандемия басталғалы мемлекет аумағында ешқандай қатаң карантин талаптарын енгізбеген. Оның айтуынша, ел экономикасы кез-келген төтенше жағдайдан маңызды. 


Ал Оңтүстік Корея үкіметі елде коронавирустың екінші толқыны басталғандығы тураалы мәлімдеді. Мұнда өткен тәулкте 17 адамнан вирус табылған. Пандемия басталғалы 12 мың адам инфекция жұқтырып, 280 науқас көз жұмған.

BBC


Хабарламаларға жазылу