Коронавируспен күресте белсенділік танытқан 343 адам «Халық алғысы» медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавируспен күресте белсенділік танытқан 343 адам «Халық алғысы» медалімен марапатталды

23.06.2020

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Біз Біргеміз» онлайн-форумында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және пандемиямен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс істегені үшін республика бойынша түрлі саланың 343 маманы марапатталады. Олардың арасында 60 дәрігер, 39 полицей, 30 әскери қызметші, 41 волонтер, 34 меценат, 38 мәдениет және білім өкілдері, 25 БАҚ қызметкері бар. 

Марапатты ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Алексей Цой, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігің төрағасы Анар Жайылғанова табыстады.

Хабарламаларға жазылу