Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысуды жоспарлап отыр

22.06.2020

Қ.Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысуды жоспарлап отыр. Ақпаратты мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасына жазды. Айта кетейік, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді. Сол кезде көрші ел басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу