Түркі елдерінің арасында сауда-саттық байланысы арта түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі елдерінің арасында сауда-саттық байланысы арта түседі

11.03.2019

Қазақстан Түркі елдерімен арадағы сауда саттықта 5 млрд доллар қаржы табуды көздеп отыр. Түркі кеңесі Кеден қызметі басшыларының VII кездесуі аясында Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Қазақстанның арасында кедендік бақылау саласында өзара түсіністік туралы меморандум бекіді. Конференция барысында «Жібек жолы» бастамасы мен «Керуен сарай» жобасының мәселелері сөз болды.

Марат Сұлтанғазиев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Түркі кеңесінің негізінде түркітілдес елдердің арасындағы қарым-қатынасты ұлғайту идеясы жатыр. Ең алдымен бұл сауда-экономикалық қатынас арқылы Ұлы Жібек Жолының қайта өрлеуіне байланысты.

Хабарламаларға жазылу