Алматы мен Нұр-Сұлтанда муралдар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы мен Нұр-Сұлтанда муралдар көбейді

21.06.2020

Мурал — үйдің немесе қандай бір ғимараттың қабырғасына тұтастай салынған сурет. Латынша мурус – қабырға деген сөзден шыққан. Бұл алғашқы адамдар үңгірлерге салған суреттерден бастау алатын өнер дейді стрит-арт-мәдениетті зерттеушілер.  

Біршама уақыт бұрын Теміртауда бір тұрғын үйдің қабырғасына алматылық стрит-арт суретші Паша Кас сурет салып, өз бетімен олай істеуге қақы жоқ деп, полиция іздеу салған. Паша, Анри Матисс картинасының ізімен салған суретінде қара түтін будақтаған зауыт трубасын айнала билеген адамдарды бейнелеген, «Әй, бір билейік», түпнұсқада «Пляшем!» деп аталды.Әсіресе Теміртау үшін өте маңызды тақырып, жұрт ырза болды.

Бір айта кететіні, Батыс мемлекеттерінде қабырғасындағы муралдар жалпақ жұртқа танымал болған үйлердің бағасы да қымбатырақ болатын көрінеді. Соңғы жылдары Алматы мен Нұр-Сұлтанда муралдар көбейді, дегенмен бізде олай бола қоймас.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу