Биыл қай мамандыққа қанша грант бөлінді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл қай мамандыққа қанша грант бөлінді?

20.06.2020

Тәртіптің бәрін түгесіп айттық, енді ҰБТ-де оза шапқандарға бұйыратын ең басты жүлде туралы сөйлесейік. Ол оқу гранттары. Биылда мыңдап бөлінді, педагогикадан бастап ауыл шаруашылығы, инженерлік сала бәрі бар. Уағында Елбасы да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевта шегелеп тұрып тапсырып еді. Жоғарғы оқу орындары тек оқытумен айналасып, мемлекеттің қаржысын немесе ақылы оқыған студенттің бергенін жамбасқа басып жайбарақат жатпасын деп. Оқу ордаларының рейтингі олардың жұмысқа тұрған студенттерінің көрсеткішімен өлшенеді делінді. Бұл өте жақсы хабар.

Біздегі оқу ордалары туралы айтқанда мынаны білу керек. Біз әлемдегі ең мықты мамандармен бәсекелес болуға қалай ұмтылсақ, елдегі ЖОО-да солай тырысуы шарт. Жасаған жылы мен берген білімі күмән тудырмайтын мықтыларды атасақ былай: Италиядағы Боллон университеті 1088 жылы ашылған, Ұлыбританиядағы Оксфорд 1100 жылы студент қабылдаған. Кембридж университеті 1200-ші жылы есігін талапкерлерге айқара ашқан. Қазірде деңгейлері асқақтап тұр. Біздегі оқу ордалары жасымен болмаса да берген білімімен аталған мықтылармен бәсекелесе алатын күнде жедел жетейік деп тілейміз. Өйткен қазір адам капиталынан асқан байлық жоқ.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу