ҰБТ-2020: Биыл қалай өтеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-2020: Биыл қалай өтеді?

20.06.2020

Биылғы ҰБТ бұрынғыдан өзгерек. 21 маусым таңалакеуімде елдегі 161 тест пунктінің 51-і ғана ашылады. Оның 44-і ауылдық жерде. Соңғы түйенің жүгі ауыр деуші еді ғой, тестте алдыңғыларына да оңай болайын деп тұрған жоқ. Жексенбі күні таңертең 6,5 мың түлек жылдағыдай тексеруден өтеді. Бірақ жаңалық бар, енді оқушылардың бет-жүзінің сәйкестігін смартфондарға орнатылған арнайы қосымша тексереді. Сәйкес болса кіресің, болмаса табалдырақтан қайтасың.

Биылғы ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, жалпы 15 лек болады. Өйткені санитарлық талаптарға сай аудиторияны толтыруға болмайды. Тағы бір жаңалық 2020-ның түлектеріне аудиторияда калькулятор мен кесте беріледі.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу