Коронавирусқа ауру белгілері барлар ғана тест тапсыруы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа ауру белгілері барлар ғана тест тапсыруы тиіс

19.06.2020

Коронавирусқа клиникалық немесе эпидемологиялық белгілері бар азаматтар ғана тест тапсыруы тиіс. Яғни тұмау, ЖРВИ-мен ауырып ауруханаға түскендер мен дәрігердің бақылауындағы азаматтар. Сондай ақ вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болғандар мен олар дәрігерлер. Ал аурудың еш белгілері жоқ түрғындарға тест тапсырудың қажеті жоқ. Сол себепті, жұмыс берушілер қол астындағыларға мұны міндеттей алмайды. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева осылай деді. 

Айта кетейік, осы аптада 1 миллион 200 мыңдай адам ПТР-тестілеуден өтті. Эпидемияның өршуіне байланысты тесттердің саны ұлғайтылып жатыр. Зертханаларда тест-жүйелері жеткілікті екенін айтып сендірді Ләззат Ақтаева.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу