Елбасының денсаулығына қатысты Айдос Үкібай мәлімет берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының денсаулығына қатысты Айдос Үкібай мәлімет берді

18.06.2020

Елбасының денсаулығына қатысты оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет берді. Ол: «Ай басталғалы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі тығыз болды. Елбасы екіжақты келіссөздер жүргізіп, ресми тұлғаларды қабылдады. Оған қоса, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Жалпы, телевизиялық түсірім үшін 40 адам жұмыс істеді. Оның ішінде шет ел азаматтары да бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайын медицина қызметкерлері бақылап отыр. Алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи коммуникация арналарын пайдаланып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.»,-деп жазған. Сондай-ақ «Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар мен барлық алаңдап отырған адамдарға алғыс білдіреді»,-деп мәлімдеді.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу