Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тез сауығып кетуін тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тез сауығып кетуін тіледі

18.06.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. «...өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда» - делінген Елбасының ресми сайтында. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тез сауығып кетуін тіледі. «Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Ол рухы мықты адам. Бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін»,- деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу