Депутаттар спорт саласын қаржыландыруды қайта қарауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар спорт саласын қаржыландыруды қайта қарауды ұсынды

17.06.2020

Бұқаралық спорт қолдауға мұқтаж. Футболға қыруар қаржы құйғанмен ақсап тұр. Мәжіліс депутаттары осылай деп дабыл қақты. Елімізде 45 футбол клубы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, қосымша демеушілері тағы бар. Бір ғана «Астана» клубының жылдық бюджеті 12 миллиард теңге. Бірақ тер төгіп таппаған соң қыруар қаржының қайда кеткенін ешкім білмейді. Басқа спорт түрлері әупірімдеп жүрсе де әлемдік додаларда нәтижеге жетіп жатыр. Сондықтан пандемия кезеңінде спортты қаржыландыруды қайта қарау керектігін айтады депутат Сәкен Қаныбеков. Оның айтуынша, соншама табысы бола тұра, футбол клубтары ойыншыларына 13 жарым миллиард теңге қарыз. Легионерлерді қысқарту мәселесі жылда көтеріледі де, сол қалпы қалатынын айтады. Бүгінде еліміз бойынша 100-ден астам легионер бар.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу