Көкшетауда биыл көгалдандыру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда биыл көгалдандыру жұмыстары дұрыс жүргізілмеген

16.06.2020

Көкшетауда жаз басталмай жатып, жасыл желек қурап қалды. Көше мен саябақтарда егілген гүлдердің дені солып қалған. Көгілдір Көкшенің көркін сақтау үшін жылда қомақты қаржы бөлінеді, алайда нәтиже неге көңіл көншітпейді?

Көкшетауда абаттандыру жұмыстары жылда мамырда басталады. Биыл да солай. Бірақ, жасыл желек уақыты егілгенімен, жайқалып өспеді.

Егілген көкке күтіммен қарау шынымен олқы болып тұр. Әйтсе де, жасыл желекті баптауға бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Бақандай 78 миллион теңге. Қаржыны игеру үшін 3 мәрте тендер өтіпті.

Ал ағаштардың күтіміне 11 миллион теңге бөлінген. Бірақ, егілген талдардың 25-30 проценті тағы көктей солған. Енді олардың орнына қайта ағаш егуге тура келеді. Көкшетауды көк желексіз қалдыра жаздаған жауаптыларға ақыры қатаң сөгіс берілді. Тұрғындар жағдай осыдан кейін түзелер деп үміттенеді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу