Мұнайлы ауданы әкіміне аймақ басшысы сөгіс жариялады

16.06.2020

Кеше ғана Ұлттық арна жаңалықтарынан Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылының суыз судан таршылық көріп отырғаны жайлы материал бергенбіз. Су бір ғана ауылдың емес, тұтас ауданның шешілмеген мәселесі. Мұнайлы ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтуды үйлестіре алмаған аудан әкіміне аймақ басшысы сөгіс жариялады. Сондай-ақ, облыс әкімі Ақтаудағы жасыл желекті күтіп, баптап алмаған қала басшысына да сөгіс берді. Ғалымжан Ниязовқа бұған дейін де бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда, ағаштар уақытылы суарылмай, гүлзарлар күтімсіз қалған.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу