Елордада кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтары ашылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтары ашылмайды

15.06.2020

Нұр-Сұлтан қаласында кинотеатрлар мен ойын -сауық орталықтары ашылмайды. Себебі короновирустың таралуы бәсеңдемей тұр. Санитарлық талаптардың сақталмауынан науқастар көбейіп жатыр. Балабақшалар да әзір қалыпты режимге көшпейді. Тек ата-анасы жұмыс істейтін балалар үшін ұйымдастырылған кезекші топтар ғана болады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы халықты санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу