Расизмге қарсы шерулер жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Расизмге қарсы шерулер жалғасуда

15.06.2020
Расизмге қарсы шерулер жалғасуда

Афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ-та және Еуропаның бірнеше мемлекетінде басталған расизм мен дискриманцияға қарсы шерулер әлі де жалғасып жатыр. Көптеген қалаларда бейбіт митинг полициямен қақтығысқа ұласып, тәртіпсідікке алып келді.

Берлинде шеруге шыққан азаматтар 9 шақырымды құрайтын тізбек құрды. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында митингке жиналғандар түрлі-түсті ленталар арқылы тізбекті жалғады.


Ал Парижде болған шеру полицияның күш көрсетуімен аяқталды. Нарызы топ 2016 жылы полиция қолынынан қаза тапқан Адам Траоренің өлімін қайта тергеуді талап етті. Бейбіт басталған акция барысында бірнеше адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тас пен шыны шөлмек лақтырды. Полиция демонстранттарды тарату үшін көз жасаурататын газ атты. Жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде 21 адам ұсталды.

Лондон шаһарында да полициямен қақтығыс салдарынан 100-ден аса азамат ұсталып, уақытша қамауға алынды.


АҚШ-та нәсілшілдік пен құлдық режимді қолдаған тарихи тұлғаларға орнатылған ескерткіштерді бүлдіру жалғасуда. Бұл акция Христофор Колумбтың ескерткішін құлатудан басталған еді. Наразы топтардың айтуынша, Колумб Американың байырғы халықтарының құқығын ең алғашқы бұзған колонизатор.

BBC


Хабарламаларға жазылу