Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

12.06.2020

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады. Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин Қордай ауданында жаңа зауыттың құрылысын бастап берді.

Айта кетейік, Қазақстанның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген. Сондай-ақ клиникаға дейінгі сынақтан да сәтті өтіп жатыр. Одан бөлек, жаңа кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады. Зауыттың құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасын өндіру көзделіп отыр.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу