Арал теңізінің құрғап қалған табанына 5 миллион сексеуіл отырғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал теңізінің құрғап қалған табанына 5 миллион сексеуіл отырғызылды

11.06.2020

Арал теңізінің құрғап қалған табанына 2 жыл ішінде 5 миллион сексеуіл көшеті отырғызылды. Жалпы, теңіздің құрғауынан 6 миллион гектардан астам жер бұрынғы су алқабынан босап қалған. Мамандардың сөзінше, жыл сайын ол жерден ауаға 100 миллион тоннадан аса тұз, шаң мен құм көтеріледі. Климаттық жағдайдың өзгеруі салдарынан, жел арқылы тарап жатқан құм мен тұз қоршаған ортаға зиянын келтіреді. Сондықтан дауылдарды тоқтатуда сексеуіл ағаштарын отырғызу маңызды. Жалпы, Қазақстанда сексеуіл алқаптары республика орман қорының жартысын алып жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу