Карантинде отырған азамттарды бақылайтын арнайы қосымша іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинде отырған азамттарды бақылайтын арнайы қосымша іске қосылды

09.06.2020

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуымен күресу шаралары жеңілдегенімен, вирус жұқтырып, үйде карантинде отыруға міндеттелген азаматтарды бақылау босаңсымайды. Оларды бақылайтын арнайы мобильді қосымша жасалған. Қосымшадан жұқпалы ауру туралы өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттарды да оқуға болады.

Оқшаулануға міндеттелген азаматтар GPS арқылы бақыланады. Бұл жүйе Батыс Қазақстан, Қостанай облысы мен елордада ғана іске қосылған. Сәуірден бері үш өңірде 4 мың адам аталмыш қосымшаны пайдаланған. Алайда, адамадар телефонын өшіріп немесе құрылғыны қалдырып кетіп, тәртіпке бағынбай, карантиндік талаптарды жиі бұзады екен.

Қалай болғанда да, бұл жүйе елімізде әзірге жалғыз. Қосымшада науқасқа қатысты мәліметтер құпия күйінде сақталады. Оны тек денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері ғана көреді.

Фариза Мұсақызы, Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу