Өңірлерде карантин режимі күшейтілді

09.06.2020

Еліміздің бірқатар өңірінде COVID-19 індетінің белең алуына байланысты карантиндік шектеу шаралары ұзартылып, талап қайта күшейтілуде.

Мәселен, Қызылорда облысында балаларға арналған жазғы тынығу лагерьлерінің жұмысы тағы кейінге шегерілді. Мейрамханаларда ұжымдық, отбасылық той-томалақ өткізуге әлі де рұқсат жоқ. 

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмайынша Түркістан облысында да карантин режимі ұзартылды.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында бүгіннен бастап шектеу шаралары күшейтілді. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу