Қостанай қаласы маңындағы бұлақтардан зиянды заттар табылды
Қостанай қаласының маңындағы бұлақтардың суын ішуге болмайды. Оның тазалығын зерттеген мамандар осындай тұжырым жасап отыр. Зертханалық тексеріс кезінде су құрамында ауыр металл, фосфат, нитраттың көлемі 1,5 есе көп екендігі анықталған. Бұл зиянды заттар бауыр, бүйрек ауруларын асқындыруы мүмкін. Тобыл өзенінің аңғарынан ағатын бірнеше бұлақтың суын жергілікті тұрғындар жиі тұтынады. Себебі табиғи таза деп есептейді. Алайда, химиялық талдау оның адам ағзасына зиянды екенін көрсетті. Мамандар жер асты суының ластануыныың басты себебі - саяжайлардағы бау-бақша химикаттарының топыраққа сіңуі екенін айтады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39
Спорт саласының мамандары біліктілігін арттырып жатыр
23.01.2026, 20:34
Тұрғындар ауылдың дербес бюджеті болғанын қолдайды
23.01.2026, 20:30
Президент: Мәдени мұраларымыз жаһандық деңгейде танылуы тиіс
23.01.2026, 20:29
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру қалай реттелмек?
23.01.2026, 20:20
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота саны артты
23.01.2026, 20:17
Ауданның инфрақұрылымын дамытуға 61,8 млрд теңге инвестиция тартылды
23.01.2026, 20:16