Ресейде тұрғындарға бір жыл бойы маска мен қолғап кию міндеттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде тұрғындарға бір жыл бойы маска мен қолғап кию міндеттелді

08.06.2020

Мәскеу тұрғындары медициналық маска мен қолғапты бір жыл тағып жүруге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы щаһар басшысы Сергей Собянин мәлімдеді.Өйткені көрші елде карантин талаптары жеңілдетілгенмен, науқас саны 500 мыңға жуықтады.  

Індет өрши түскен соң Ресей шекараны ашпай отыр. Егер эпиедмиологиялық жағдай тұрақталса, 15 шілдеден кейін тек 15 елмен әуе қатынасы жанданады. Ал 24 маусымда өтетін әскери парадқа қатысатын барлық шетелдіктер алдымен коронавирусқа тест тапсыруы тиіс. Бұл шеруге19 елден делегация келеді деп күтілуде. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі әлі де осында қалып қойған азаматтарды елге жеткізу үшін келіссөздерді жалғастырып жатыр. Осы айдың 17-і мен 25-і репатриациялық рейстер Қазақстанға ұшады, оған ілігу үшін елшіліктің сайтына кіріп, өтініш қалдыру керек.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу