Алакөлге барған демалушылардан COVID-19-ға анықтама талап етіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөлге барған демалушылардан COVID-19-ға анықтама талап етіледі

08.06.2020

Алакөлдің шығыс жағында туристерді қабылдау 13 маусымнан басталады. Бірақ келушілерден де, демалыс орындарының иелерінен де санитарлық талаптарды сақтау қатаң талап етіледі. Коронавирус өршімес үшін өңірдегі бас санитар осындай шешім қабылдаған. Көл аумағына келген әр адамнан індеттен таза екендігін дәлелдейтін тест талап етіледі.

Шипалы көлге күніне 10-12 мың демалушы келеді-деп болжануда. Сондықтан жағажайдағы адамдардың арасында 2 метр қашықтық сақталуы тиіс. Ол үшін арнайы белгілер орнатылмақ. Талапқа көнбеген туристерге тіпті шара қолданатынын айтады мамандар.

Қазір арнайы талаптарға сай жұмыс істеу үшін қонақ үйлер қамданып жатыр. Алайда, арқаны кеңге салып жүрген кәсіпкерлер де көп. 175 қонақ үйдің 116-ы әлі күнге дайындықты бастамаған. Ережеге сай болмаса, демалыс үйлерін ашуға рұқсат берілмейді.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу