«ҚазАгро» қаржысы қайта ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАгро» қаржысы қайта ма?

14.12.2018

Бағасы жарты миллиард теңгеден асатын коттедж бен бірнеше бизнес орталық және ондаған қымбат пәтер. «ҚазАгро» холдингі банкротқа ұшыраған «Qazaq Banki»-нде кеткен 20 миллиард теңгесін қайтарып алуға тырысуда. Ауыл шаруашылығы саласына бөлінген миллиардтаған қазына қаржысы аталған банктің шоттарына салынған. Алайда, банк те, оған салынған қаражат та құрдымға кеткен.  Енді бұл ақшаны қайтарып алудың бір ғана жолы - банктен қалған мүліктерді сату. Қымбат ғимараттардың аукционы осы аптада өтеді.

Дулат Абибуллаев, тілші:

Астананың дәл ортасында Сарайшық, 24 мекенжайында орналасқан коттеждің ауданы - 559 шаршы метр. Аукцион 20 желтоқсанға жоспарланған. Коттеждің бастапқы бағасы - 505 миллион теңге.

Яғни, аукцион кезінде коттедж бағасы одан да өсуі мүмкін. Бір кездері банктің мүлкі болған  ғимарат қазір қаңырап бос тұр. Бұл «Qazaq Banki»-нен «ҚазАгро» холдингіне берілген жалғыз ғимарат емес. 

Аукционға Алматы қаласында әрқайсысының ауданы 150 шаршы метрден, бағасы 75 миллион теңгеден асатын 13 пәтер, 1 миллиард теңгеге тұратын 6 қабатты әкімшілік ғимарат, 2 миллиард теңгеге бағаланған бизнес-орталық пен 3 миллиард теңгеге тұратын жатахқана ғимараты шығарылған. Бұлардың барлығы Алматының орталық көшелерінде орналсқан нысандар.

Әсел  Ғаббасова, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз хатшысы:

«ҚазАгродан» бөлек, «Qazaq Banki»-нен қарызын ала алмай жүрген 18 мың жеке және заңды тұлға бар.  Олардың бәрі 3-4 айдан бері банкроттық туралы сот шешімін күтті. Мұндай шешім жақында ған шықты.

Саят Жұмабаев, ҚР Ұлттық банкінің Қадағалау департаментінің сарапшысы:

«Qazaq Banki»-н мәжбүрлі түрде ликвидациялау туралы шешім 12 желтоқсанда күшіне енді. Жеке және заңды тұлғалар қарыздарын, депозиттерін сыйқысымен қоса қайтарып ала алады. Бұл қаржы депозиттерді кепілдендіру қорынан төленеді. Бірақ, кепілдендірілген шектік сомадан аспауы керек.

Депозиттегі азын-аулақ ақшалар кепіл қоры арқылы алынар, ал, аукционға шығарылған ғимараттар қымбат бағаға сатылмуы мүмкін. Бұл жағдайда  оардың бағасын 50 пайызға дейін төмендету арқылы сатуға мәжбүр болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

                                                         

Хабарламаларға жазылу