Төретам ауылы газ құбырына қосыла алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төретам ауылы газ құбырына қосыла алмай отыр

05.06.2020

Байқоңырдың іргесіндегі Төретамда тірлік түзелемей келеді. Жергілікті халықтың ауыз судан тарыққанына он жылдан асты. Жамауға келмейтін жол, іргедегі көгілдір отын да қол жеткізбей, жұртты әбден діңкелеткен. Елді мекеннің біраз аумағын Ресей жалға алғандықтан мәселе түбегейлі шешілмей келеді.

Жылдар бойы көгілдір отынды күткен қарапайым жұрттың аңғалдығын пайдаланып, алдап соққандар да бар.

Газдандыру жобасы екі-үш жылсыз басталмайтыны белгілі болды. Ал кенттің шет аумағы құжат бойынша Ресейдің жалға алған жері болып шықты. Сондықтан инфрақұрылымды тарту қиындық тудырып отыр.

2016 жылы Қазақстан мен Ресейдің Үкіметаралық отырысында Байқоңыр қаласы маңындағы жерлерді елімізге қайтару туралы келісімге қол қойылды. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Ал Төретамның біраз территориясы өзімізге заңдастырылмайынша, халық өркениеттен тыс өмір сүре бермек.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу