Елордада екі үй өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екі үй өртенді

05.06.2020

Елордада жер үйде тұрмыстық техниканың сымдары жанып, өрт шықты. Тілсіз жау жатақхана ретінде жалға берілген көрші коттеджді де шарпыған. Отқа оранған жердің көлемі - 280 шаршы метр. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, отты ауыздықтаған. Алайда желдің ұйытқуы өртпен күресте кедергі болған. Абырой болғанда, қайғылы оқиғадан зардап шеккендер жоқ. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу