Елімізде жыл соңына дейін 10 заманауи сүт фермасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл соңына дейін 10 заманауи сүт фермасы ашылады

12.12.2018

Оның төртеуі Солтүстік Қазақстан облысында. Тайынша ауданында пайдалануға берілген кәсіпорын  солардың бірі. Заманауи қондырғылар орнатылған бұл кешенде жергілікті  50 тұрғын еңбек етеді.  Жалпы, өңірде тағы 7 кешенді іске қосу жоспарланған. Бұл, жылына қосымша 17 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді.   

Юрий Красноголовый, кәсіпкер:

Жаңа қондырғының ерекшелігі, сиырдың температурасынан бастап, барлық  жағдайын көрсетіп тұрады. Қанша сүт бергені, қанша азық жегенін біліп отырады. Барлық мәлімет маманның телефонына смс-хабарлама болып келеді. Әзірге тәулігіне 3-3,5 тонна сүт аламыз. Болашақта 6-7 тоннаға дейін жетеді деп күтіп отырмыз. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.                             

Хабарламаларға жазылу